• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2017

2016 жылы 226 мың қазақстандық «Нұр Отаннан» көмек сұраған

279 рет
көрсетілді

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бейне байланыс арқылы партияның құрылымдық бөлімдері және облыстық филиалдарының басшыларымен кеңейтілген жиналыс өткізді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Онда Төрағаның Бірінші орынбасары партияның 2016 жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы жоспардың басым бағыттарын нақтылады. Жиын барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, партиялық мониторинг жасау партия Төрағасының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті. «Сол себепті, партия аймақтық филиалдарының басшыларына аталған бағдарламаның орындалу барысына партиялық бақылауды күшейтуді тапсырамын. Бағдарламаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асуына кедергі келтіретін олқылықтарға ерекше мән беру керек», - деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары. Екіншіден, «Нұр Отан» партиясы Ұлттық бірыңғай тестілеудің межелік деңгейінен өте алмаған немесе аталған сынаққа мүлдем қатыспаған мектеп түлектеріне қолдау көрсету бойынша Президент тапсырмасын сәтті орындады. Еліміз бойынша тестілеуге қатыспаған 54 мың түлек анықталып, олардың әрқайсысына партия тарапынан көмек көрсетілді. Мәселен, 9 мыңы жұмысқа орналастырылса, қалғандары жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру мекемелеріне оқуға түсті. Үшіншіден, арнайы «жедел желі» мен интернет сайтының арқасында партия қоғамдық қабылдауының қызмет аясы кеңейіп, маңызы арта түсті. Өткен 2016 жылы 226 мыңнан астам қазақстандық «Нұр Отаннан» көмек сұраған. Төртіншіден, «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ешқандай баламасы жоқ NURINTECH республикалық инновациялық байқауын өткізді. Оның басты мақсаты - жас ұрпақ арасындағы ғылыми ізденістің дамуына тың серпін беру. Бесіншіден, аз қамтылған отбасыларынан шыққан талантты және болашағы зор жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында Президенттің тапсырмасымен партия «Нұр Арман» бірегей жобасын қолға алды. Қазірдің өзінде жоба арқылы 9 жас өрен Ұлыбритания, Қытай, Малайзия және Ресейде білім алуға мүмкіндік беретін қайырымдылық грантына ие болды.