Адамдардың саусақтары сияқты тілдері де бір-біріне ұқсамайды
Балалар тізе сүйегінсіз туады
Адам бойындағы бактериялардың жалпы салмағы 2 кг болады
Адам аузында 40 000 бактерия болады
Әйелдерге қарағанда ер адамдар көбірек терлейді
Ерлерден гөрі әйелдер көзін екі есе көбірек жыпылықтатады
Көзді ашып түшкіру мүмкін емес
Адамның бойындағы ең күшті бұлшық еті – тілі
Басқаларға қарағанда көккөзділер ауруға сезімталдау
Тез оқығанда көз аз шаршайды екен
Адамның өмір бойы өсетін мүшесі – мұрын
Бурыл сақал қара сақалға қарағанда тезірек өседі
Адам қызарғанда оның асқазаны да қызарады
Адам денесіндегі жылудың 80 пайызы басынан шығады
Адамның қалпына келмейтін жалғыз нәрсесі – тісі
Бір тал шаш 3 кг салмақты көтере алады
Адамның басы орташа есеппен, 3,6 кг болады
Бір күнде адам аузында 1,5 литр сілекей пайда болады
Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен
Әйелдерге қарағанда ер адамдардың арасында кекештер көп
Адамның көзінің астына қарағанда үстінде кірпік көптеу
Адам жүрегі күніне 2 тонна қан айдайды
Адам жүрегі күніне 100 мыңнан артық рет соғады
Адамның тоқпан жілігі бетоннан мықтырақ
Қол саусақтарының тырнақтары аяқтікінен төрт есе тез өседі
Оңқайлар солақайларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді
Қараторыларға қарағанда аққұбалардың басында шаш көп