Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Кеңес барысында бизнестегі әкімшілік кедергілерді төмендету мен экспорттық-импорттық операцияларды дамытуға жағдай жасау мақсатында әзірленген сәйкес шаралар жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.