«Қазгидромет» 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады Egemen.kz.
Тек Батыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Сондай-ақ еліміздің батысында тұман түсіп, оңтүстік пен орталық өңірлерде жел күшейеді. Ал оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болуы ықтимал.
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Жетісу облысы аумағында құрғақ әрі желді ауа райына байланысты жоғары өрт қаупі болжанған.
Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады