• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

«Қайраттың» үздік ойыншыларының бірі командадан кетуі мүмкін

269 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың бірі Герсон Асеведо «Қайрат» сапынан кетуі мүмкін. Себебі, бұл футболшы Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынына аттанған тізімге ілікпеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Қайрат» кеше Түркиядағы екінші жаттығу жұмыстарына кірісті. Жаттығу жиындары 8 ақпанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында команда төрт жолдастық кездесу жоспарланған. Бүгін клубтың ресми сайты жаттығу жиындарына аттанған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Герсон Асеведо мен Бруно Соарестен басқа негізгі құрамның барлық ойыншылары бар. Екеуі де бірінші жаттығу жиындарына қатысқан. Команда басшылығы бұл жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамады. «Қайраттың» оқу-жаттығу жиындарына шақырту алған футболшылардың тізімі: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Олег Грубов, Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу, Ермек Қуантаев, Сезар Арзо, Бауыржан Тұрысбек, Әлібек Қасым, Мадияр Райымбек, Ғафуржан Сүйімбаев, Дильшат Мұсаев, Елдос Ахметов, Андрей Аршавин, Георгий Жуков, Айбол Әбікен, Ойбек Балтабаев, Станислав Лунин, Максим Гладченко.