• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

«Астана» командасы Беларусь ойыншысымен толықты

302 рет
көрсетілді

Беларусь құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушы Иван Маевский «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. Жартылай қорғаушы  «Астана» командасының Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қосылып, дайындыққа кірісіп кетті. Маевский соңғы екі маусымда Ресейдің «Анжи» командасында ойнаған болатын. 2015 жылдан бастап Маевский тұрақты түрде Беларусь құрамасына шақырту алып, бүгінге дейін 12 ойын өткізген. Иван Маевский алаңда шабуылдаушы жартылай қорғаушының және жартылай қорғаушының да рөлін атқара алады. Бұған дейін «Вертикаль» (2008-2009, Беларусь), «Партизан» (2009-2013, Минск, Беларусь), «Минск ФК» (2012-2014, Беларусь), «Завиша» (2015, Польша) және «Анжи» (2015-2016, Ресей) клубтарында ойнаған.