Ақорданың ресми сайты Қазақстан Республикасының азаматтары мен мекемелерінің назарына ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы ұсыныстарды қайда жолдауға болатыны туралы ақпараттық хабарлама жариялады.
"Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты ұсыныстар 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 26 ақпанға дейін мына мекен-жайда қабылданады:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі,
электрондық пошта – ap2017@akorda.kz", делінген хабарламада.