• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Мәжілісте стандарттау туралы заң жобасы таныстырылды

336 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдар жобаларының тұсаукесерін өткізді. Отырысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.С. Сабильянов жүргізді. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі А.П. Рау баяндама жасады. «Стандарттау туралы» Заң жобасы стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен өзара іс-қимыл рәсімдері нақты анықталған стандарттау саласында қызметті жүзеге асыру барысында субъектілер мен олардың қарым-қатынастарының жиынтығы ретінде ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру мақсатында әзірленген. Қазақстан Республикасының заңнамасын «Стандарттау туралы» Заң жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында 6 кодекс пен 43 заңдарға өзгерістер еңгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң жобасы әзірленген. Сондай-ақ ілеспе Заң жобасы ұлттық заңнаманы Халықаралық сауда ұйымының талаптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құқығына үйлестіруге бағытталған. Парламент Мәжілісінде осы заңдар жобаларын қарастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің шешімімен депутат А.Т. Перуашев белгіленді.