• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

«Тобыл» командасының бұрынғы ойыншысы бас бапкер атануы мүмкін

354 рет
көрсетілді

Өзбекстанның «Бухара» футбол клубында айтарлықтай өзгерістер болды. Команданың бас жаттықтырушысы Дамшид Саидов пен оның көмекшісі Тачмурад Агамурадов қызметінен кетті. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Қазіргі уақытта клуб басшылығы аталмыш орындарға лайықты тұлғаларды іздеу үстінде. Sports.uz мәліметі бойынша бұл қызметке Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Ұлықбек Бақаев тағайындалуы мүмкін. Айта кетейік, Бақаев Қазақстан премьер-лигасында Қостанайдың «Тобыл», Талдықорғанның «Жетісу», Павлодардың «Ертіс» командаларында ойнаған. Сондай-ақ, 2004, 2010, 2011, 2012 жылдары ел біріншілігінің бомбардирі атанған.