«Астана» футбол командасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген өткен маусымның соңына таман жарақат алып қалуына байланысты ҚПЛ-дің, Еуропа лигасының бірнеше ойынына, сондай-ақ Қазақстан Кубогының финалына қатыса алмады.
«Өткен маусымда жарақат алып қалғаным қиын болды. Бірақ ұжымның жетістіктері оның бәрін ұмыттырып жіберді. Қазір бәрі ойдағыдай, толығымен айықтым. Жалпы топпен бірге жаттығып жүрмін. Команда жігіттері бір-бірін тез түсінеді. Алдағы маусымға жоғары деңгейде дайындалу үшін БАӘ-де жағдайдың бәрі жасалған», – деді Асхат.
Трансфер уақыты ашылғаннан кейін командаға бірнеше жаңа футболшылар келді. Олар туралы: «Бізге жақында қосылған жігіттер өз ісінің нағыз шебері. Осы қалпымызда жаттыға берсек, алаңда да, өмірде де тіл табысатынымызға сенімдімін. Бастысы, «Астананың» өркендеуіне септігін тигізсе болғаны», – деді жартылай қорғаушы