• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

2018 жылға дейін Қазақстанда жекешелендіру аяқталуы керек - Сағынтаев

453 рет
көрсетілді

2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда жекешелендірілмеген бір де бір нысан қалмауы керек. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қаржы миниистрлігіне осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жекешелендіру мәселесіне тоқталсақ, біз 2020 жылға дейін жекешелендіруге жататын нысандардың тізімін анықтаған болатынбыз. Президент осы тізімдегі кәсіпорындар 2018 жылдың соңына дейін жекешелендіруге өтсін деген тапсырма берді. Сондықтан, ақпан айының соңына дейін жекешелендірілетін әрбір нысанның мерзімін қайта қарап шығу керек. Бұл әсіресе, жекешелендірілетін нысандардың 60 пайызына ие әкімдерге қатысты»,-деген Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне осы мәселені қатаң бақылауға алу міндетін жүктеді. «Сондықтан, Қаржы министрлігіне жекешелендіру процесін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. 2018 жылдың соңына дейін, IPO шығаратын нысандарды есепке алмағанда, жекешелендірілмеген нысан қалмауы керек»,-деді Сағынтаев.