• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Тамаша табысымен құттықтады

324 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Н.Ә.Назарбаевқа

Сіздің Қазақстан Рес­публикасы­ның Президенті қызме­ті­не қай­та сай­ла­нуы­ңызға орай шын жү­рек­тен шық­қан құт­тық­тауым­ды қабыл алыңыз. Сайлаудағы   бұл­тарт­­пайтын жеңі­сіңіз Сіз­дің өз халқы­ңыз­дың шы­найы көш­бас­шысы ретіндегі лай­ық­ты абы­ройы­ңызды тия­нақ­тай тү­седі. Достас Қа­зақ­стан­­ның кейінгі жылдарда әлеу­мет­тік-экономикалық салада, мемлекеттік құрылыста, халық­ара­лық аренада  қол жеткізген елеулі та­быс­­тары Сізге жал­пы­ұлттық қол­дау мен сенімді қамтамасыз етті. Сіздің Ресей-Қазақстан ара­сын­­дағы тату көршілік пен өзара құрмет­тің берік дәстүрлеріне арқа сүйейтін стратегиялық әріп­тестігін одан әрі тереңдету мәсе­лелеріне ұдайы назар аудараты­ныңызды жоғары бағалай­мын. Екі жақтың ерік-жігерінің арқа­сында көп қырлы өзара ықпал­дас­тық алдағы кезде де серпінді дами беретініне, жаңа ауқымды жобалармен байи түсе­ті­ніне күмәндан­бай­мын. Қазақстанның өңірлік ық­пал­дас­тық ынтымақ­тас­тықты дамытуға та­бан­ды бағыт ұстауын барша мойын­дайды. Біздің ел­деріміздің Кеден Ода­ғының жұ­мысын қам­та­масыз ету және ЕурАзЭҚ аясында Бір­тұ­тас эко­­номикалық ке­ңіс­­тік қалыптастыру, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ бойынша бай­ла­ныс­тар­ды нығайту мәсе­ле­ле­ріндегі жұмысын тығыз үйлес­тіре жүргізуі өзінің тиімділігін талай рет дәлелдеген. Біздің бірлескен жұмы­сымызды ықпал­дас­­тық­тың жаңа кезе­ңіне – Еур­азиялық экономикалық одаққа ауы­су бой­ынша жалғастыру ма­ңызды. Ресей-Қазақстан одақтастық қа­ты­­нас­тарының қуатты әлеуеті алдағы кезде де біздің елдер ха­лықтарының, тұрақты даму мен еуразиялық кеңіс­тікте қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету   мүдделері тұрғысынан табысты жүзеге аса беретініне сенемін.

Мықты денсаулық және тың табыстар тілеп,

Д.Медведев.

Мәскеу қаласы,  Кремль

2011 жылғы 4 сәуір.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Н.Ә.Назарбаевқа

Сіздің Қазақстан Рес­публи­касы Президенті қызметіне қай­та сайла­нуыңызға бай­ла­нысты Сізге шын жү­ректен шық­қан құттық­тауым мен ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіз, Жоғары мәр­тебелі, мемлекет тізгінін қолға алған уа­қыт­тан бері елде қо­ғамдық тұрақтылық пен эконо­миканың жо­ғары өсу серпіні сақта­лып келеді, халық­тың әл-ауқаты ұдайы артуда, Қа­зақ­станның халықаралық жағ­дайы анағұрлым нығаюда. Сіздің басшы­лығыңызбен Қазақстан хал­қы мемлекетті еңселенту мен дамыту ісінде жаңа, анағұрлым  маңызды та­быс­тарға қол жеткізетініне сенемін. Қытай мен Қазақстан тату көр­шілер, жақсы достар мен сенімді әріптестер болып табы­ла­ды. Дипло­ма­тиялық қатынастар орнатылғалы бергі 19 жылдың ішінде біздің ел­деріміздің ара­сындағы қатынастар жағымды арнада дамып келеді. Саяси салада өзара құрмет пен өзара сенім­нің жоғары деңгейі, ал эко­но­ми­калық салада өзара тиімділік пен бірлесе дамуға негізделген ынты­мақтастық жолға қойылған. Алмасу мен ын­ты­мақ­тастық әр­түрлі салаларда бой көр­се­туде, көпжақты аяда тығыз өзара ық­пал­дастық пен үйлес­ті­ру қолдау табуда. Қы­тай жағы біздің ел­де­ріміздің арасындағы көп­тен қа­лыптасқан дос­тық қа­тынас­тарды жоға­ры ба­ғалайды. Мен Сізбен бірлесе оты­рып стра­тегиялық әріптестіктің Қытай-Қазақстан қа­ты­наста­рын біздің елдеріміз бен  ха­лықта­ры­мыз­дың игілігі үшін мұнан да жоғары деңгейге көтеруге талмай күш-жігер жұм­сауға дайынмын. Сізді Өзіңізге ыңғайлы уақыт­та Қытайға демалысқа шақыруды мәр­тебе көремін. Жоғары мәртебелі, Сізге мықты денсаулық және жұмыста табыс тілеймін. Қазақстан Республикасына қуат­ты­лық пен өркендеу, ел халқына бақыт пен игілік тілеймін.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы

Ху Цзиньтао

2011 жылғы 4 сәуір,

Пекин қаласы.

*** Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Француз Республикасының   Президенті Николя Саркози құттықтады. Жеделхат мәтінінде былай делінген: Мен Сізді Қа­зақ­стан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құт­тықтаймын. Сіздің өкілетті­гі­ңізді 2020 жылға дейін ұзарту мақсатын көз­деген референдум жо­басына қарсылық білдірген Конституциялық Кеңестің пікірін ескере отырып, Сіз өткен жылы Қазақстан үлкен табыспен төрағалық еткен ЕҚЫҰ-ның құндылықтарын ұстана­тыныңызды көрсеттіңіз. Мен Сіздің жаңа қызметте өз жұмысыңыздың басым бағытының бірі саяси реформаға жаңа қуатты серпіліс беру болып табылатынын білемін. Бүгінгі мазасыз әлемде реформа біздің халықтарымыздың үміті мен көңілін қанағаттандыру үшін қажет екенін анық түсінеміз. Өз тарапымнан мен Қазақстан­ның әлемдік аренада өсіп келе жат­қан танымалдығын назарыма ала отырып, осы тақырыпқа және өзге де маңызды халықаралық тақырыптарға арналған үнқатысуды жалғастыруға қуанышты болған болар едім. Сон­дай-ақ Сіздің еліңіз биылғы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететіні сөзіме мысал бола алады. Биылғы жылы Үл­кен Жиырмалыққа төр­ағалық ете отырып, өз басым біз талқы­лауға тиісті маңызды мәселе­лер бойынша Қа­зақ­станның үнін естігім келеді. Атап айт­қанда, бұл қаржылық даму мәселесі және халық­аралық валюта жүйесі, сондай-ақ шикізат ры­ногы. Франция со­ны­мен бірге Қазақстан мен Еу­ропалық Одақ ара­сын­дағы серіктестікті күшейту жөніндегі жаңа келісімнің қоры­тындысын қол­дауға дайын. Өзіңіз білетіндей, мен біздің елдерімізді біріктіруші, Стратегиялық серіктестік туралы келісім аясында біздің екі жақты қарым-қатынас­тарымызды дамытуға өте үлкен мән беремін. Жүзеге асыру сатысындағы немесе талқылаудағы барлық маңыз­ды жобалар, бір ортақ мақсатқа – Сіз бастап жүзеге асыра бастаған маңызды индустрияландыру мен инновация бағдарламасына біріктірілген. Президент мырза, Сізден өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алуы­ңызды өтінемін.

Француз Республикасының Президенті

Николя Саркози.