2011 жылғы 29 наурыз №109-ө Астана қаласы
2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №435-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №6715 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4; «Казахстанская правда» от 06.01.2011 г., №2 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А.Манабаева) осы бұйрықты:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б.Нүсіповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА.
–––––––––––––––
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6849 болып енгізілді.