• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Кедендік бақылау комитетінің бұйрығы №306

467 рет
көрсетілді

2011 жылғы 18 наурыз, Астана қаласы Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабына сәйкес, «Лидер – 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Бакарди энд Компании Лимитед» компаниясының және «Артезиан» жауапкершілігі шектеулі қоғамының зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініштерінің негізінде, бұйырамын: 1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiнің 6-бағанында мынадай өзгерістер енгізілсін: 00055/ТБ-260208 тіркеу нөмірінің «02.03.2011» деген цифрлар «01.03.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын; 00086/ТБ-080409 тіркеу нөмірінің «03.03.2011» деген цифрлар «03.03.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын; 00087/ТБ-200409 тіркеу нөмірінің «20.04.2011» деген цифрлар «21.01.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ.Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төраға Қ-К.КӘРБОЗОВ.