• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Түрікменстандағы сайлауды байқап келді

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дар­хан Кәлетаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мис­сия­сының құрамында Түрікменстанда өткен президенттік сай­лауды байқауға қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Миссия мүшелері сайлауалды үгіт науқаны мен оның бұқаралық ақпарат құралдарында берілу барысымен танысты және сайлау күні Ашғабат пен ел аймақтарындағы сайлау учаскелерінде болды. ШЫҰ байқаушылары сайлау қорытындысы бойынша азаматтардың, оның ішінде жастардың көп қатысқанын атап өтті. Миссия Түрікменстандағы президенттік сайлау ұлттық заңнамалар мен мемлекеттің халықаралық саладағы қабыл­даған міндеттемелеріне сай өткені туралы қорытынды жасады. Сонымен бірге, ШЫҰ өкіл­дері жекелеген техникалық олқы­лықтар ұшырасқанын, алайда, олардың сайлаушылардың таңдау нәтижесіне әсері болмағанын хабардар етті.