• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Бірлік пен тірлік үйлесімділігі

417 рет
көрсетілді

Жыл үлкен саяси жаңалықтармен басталған еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы «алдымен – экономика, сосын саясат» дегенін көп жұрт түсінбей, әртүрлі әңгіме айтылып еді. Ел экономикасының еңсесін түзеу үшін күшті президенттік биліктің керегі анық болатын. Міне, ширек ғасыр ішінде бұл міндет орындалды. Енді билік тармақтарындағы бөлініске де уақыт жетті. Мемлекет басшысы арнайы Үндеу жариялап, халық оны талқылауды бастап кетті. Онан кейінгі ең ірі саяси оқиға Елбасының дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауы болатын. Бұл мәселе де ел ішінде үлкен қолдау тауып отыр. Әртүрлі мінбелерде қос мәселе талқы­ланып, жұрт ойымен бөлісіп жатыр. Сондай жиынның бірі аймақтағы облыстық үш, қалалық және аудандық газеттердің басын біріктіріп отырған «Сыр медиа» ЖШС ұжымында да өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттілігін бөлісу туралы Үндеуі мен «Қа­зақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауын талқылауға арналған жиын­да қалам ұстаған журналис­тер өз көзқарастарымен бөлісті. Оған облыстық ішкі саясат бас­қар­масының өкілдері, серіктес­тікке қарасты басылым басшылары мен журналистер, қатысты. Жиынды «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев жүргізіп, Жолдаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтті. – Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Елбасымыздың елімізді жауапкершілікке шақыра отырып, көтеріп отырған бастамасы Қазақстанды жаңа биіктерге бастайды деп сенеміз. Біздің міндет – Елбасы Жолдауын қол­дау ғана емес, жүзеге асыру, – деді ол. Мұнан соң «Сыр медиа» ЖШС жа­нын­дағы ақ­параттық талдау орта­лы­ғы­ның басшысы Сәулет Сахиев биылғы Жол­даудың басты ерекшеліктеріне, оның ішінде IT технология­ларды мең­геру­дің маңыздылығы жайлы баса айтты. Жиында облыстық ішкі саясат бас­қармасының бөлім басшысы Шахарбан Нұр­таева, серіктестік бас дирек­торының бірінші орын­басары Марат Арал­баев, облыстық «Кызылор­динские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов, осы басылым тілшісі Қазыбек Ботаев пен «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ыдырыс Тәжіұлы Жол­дауда айтылған бағыттарға тоқталып, ел дамуындағы жаңа белестің негізгі мән-мазмұнын сөз етті. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» ҚЫЗЫЛОРДА