Халықаралық студенттер ойыны қауымдастығы (FISU) Алматы қаласында өткен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиадаға қатысқан хоккей құрамаларының деңгейлеріне көңілі толды, дегенмен де жарыстың өткізілу үлгісін өзгертуді жөн көріпті. Бұл жөнінде FISU Олег Матыцин мәлімдеді, деп хабарлады vesti.kz.
Жарыстың алғашқы күні хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қытайлық қарсыластарының қақпасына жауапсыз 22 шайба соққан. Ал ақтық ойында қазақстандық хоккейшілер ресейліктерге 1:0 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
«Хоккей матчтарының деңгейін көріп, қуанып қалдық. Спортшылар Универсиада ойындарына қатысу туралы түрлі пікірде. Финалдық матчтар өте жоғары деңгейде өтті. Алайда, бұл жарыста кейбір құрамалардың деңгейінде жер мен көктей айырмашылық бар екенін көрсетіп бергендей. 22:0 секілді есепті болдырмау үшін FISU хоккейден өтетін жарыстың үлгісін өзгертуді шешті. Мүмкін құрамалардың деңгейін саралай отырып, екі топқа бөлеміз. Қатысушы ұжымдардың дайындығы жақсы екені білініп тұрды. Төрешілердің жұмысына да оң баға берілді. Әрине, кейбір жерде қателесіп жатты», – деді Олен Матыцин.