• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Қазком корпоративті мақсаты үшін Ұлттық Банктен 200 млрд теңге алды

428 рет
көрсетілді

«Казкоммерцбанк» АҚ 2017 жылғы 9 ақпанда ҚР Ұлттық Банкінен жалпы корпоративтік мақсатқа 200 млрд теңге көлемінде займды тартқаны жөнінде хабарлайды», - деп хабарлайды Қазкомның баспасөз қызметі. Аталған займ ҚР ҰБ-мен жаңғыртылатын кредиттік желі аясында ұсынылған. Қарыз ақша стандартты нарықтық шарттар аясында берілді. 13 ақпанда "Қазкоммерцбанкі" 750 млн еуроның еурооблигациясын жапқанын хабарлаған еді. 2016 жылдың желтоқсанының соңында Қазком Ұлттық банктен 400 млрд теңге көлемінде қысқамерзімді қарыз алған еді. Батыс баспасөзі осы мәселеге қатысты Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерді сауықтандыру бағдарламасының алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін екенін жазған еді.