Аралас жекпе-жек жұлдызы Федор Емельяненко Bellator ұйымымен келісімшарты аяқталғаннан кейін спортан кетпек, деп хабарлайды vesti.kz.
«Bellator-дағы мансап жолын аяқтағым келеді. Келісімшартқа сәйкес міндетімді атқарамын. Мен үшін айналамдағы жандармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды. Скотт Кокермен (ұйым басшысы) арадағы сыйластығымды құрметтеймін», – дейді спортшы.
Өзінің жекпе-жек әлеміне қайта оралатыны туралы спортшы 2015 жылдың 14 шілдесінде мәлімдеген болатын. Ал былтыр қарашада 40 жастағы ресейлік жекпе-жек шебері Bellator ұйымымен бірнеше кездесу өткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Емельяненконың келесі жекпе-жегі 16 ақпанда америкалық Мэтт Митрионмен болады.
«Соңғы император» атанған атақты спортшы жалпы 40 жекпе-жек өткізген. 35 кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет ұтылды және бір жекпе-жек дәрігерлер шешімімен тоқтатылған болатын.