• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Қазақстан АҚШ және Германия боксшыларымен дайындық өткізіп жатыр (фото)

372 рет
көрсетілді

Алматыдағы AIBA академиясында Қазақстан құрамасы АҚШ және Германия боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Қазір Алматыда AIBA академиясында АҚШ және Германия боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. АҚШ-тан 7, Германиядан 17 боксшы келді. Екі жаттығуымыз өтті. Енді екеуі қалды. Алғашқы екі дайындықта боксшылар тоғыз раундтық жекпе-жекпен сайысып көрді. Ертең және жұма күндері тағы жаттығу жұмыстарын өткіземіз. Олардың жаттығу мәнері бізден өзгеше. Ал біздікі оларға өзгеше көрінеді. Біріккен жаттығулардан олардың да, біздің де үйренеріміз өте көп. Бұл боксшыларымыз үшін аса маңызды», – деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов. Фото: vesti.kz.
Соңғы жаңалықтар