• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Ким Чен Ынның ағасы кісі қолынан қаза тапты

384 рет
көрсетілді

Малайзия билігі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның үлкен ағасының қаза болғаны туралы хабарды растады. Оның өлімінің себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ, алайда, оңтүстіккорейлік және малайзиялық БАҚ өкілдерінің ақпарынша, 45 жастағы Ким Чон Нам Куала-Лумпур әуежайында кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы Би-би-си-дің ресейлік қызметі хабарлады.  Бұдан бұрын Оңтүстік Кореяның Chosun телеарнасы Ким Чон Намды белгісіз біреулер Куала Лумпур әуежайында уланған ине тығып өлтірді деген ақпарат таратқан болатын. Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Абдул Азиз Али әуежайда Солтүстік Корея азаматы өзін нашар сезініп, жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жөнелтілгенін, бірақ, науқас жолда жан тапсырғанын мәлімдеген. 
Соңғы жаңалықтар