• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2017

Оңтүстіктен Иранға ет экспортталады

502 рет
көрсетілді

Иран Ислам Республикасынан келген бір топ делегация оңтүстікке ат басын бұрмас бұрын аймақтың ахуалын зерттеп, есеп-қисап жүргізгені анық. Өйткені, табыс табуға бағытталған капиталды құятын әрбір инвестордың бірінші кезекте өңірдің іскерлік және инвестициялық ахуалы мен жасалатын жеңілдіктерге мән беретіні мәлім. Бұл орайда, Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі тиімді жеңілдіктер қарастырылып, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалуда. Әкімшілік кедергілер де мейлінше азайтылып отыр. Сонымен қатар, Елба­сы Н.Назарбаевтың ауыл ша­­руашылығын әр­та­рап­тандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейту жөніндегі тапсырмасы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсуге мін­дет­тей­­ді. «Қазақстанның аг­ро­өнер­­кәсіп кешенінің бо­ла­ша­ғы зор. Көптеген позиция­лар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бі­рі бола аламыз. Бұл, әсі­ре­се, экологиялық таза та­ғамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс», деді Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаң­­ғыруы: жаһандық бәсе­ке­­ге қабілеттілік» атты Жол­дауында. Өңірдің ин­вес­­ти­циялық ахуалы, эко­ло­­гия­лық таза ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдері кө­ңі­лі­нен шық­қан Иран Ислам Рес­пуб­ли­касы Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрінің кеңесшісі Мир­логи Сейедалиакбар Агареза облыс әкімі Жансейіт­ Түймебаевпен кез­де­суін­де екі ел үшін де тиім­­ді бо­­ла­тын жобаларды жү­зе­ге асыруға ниетті еке­нін жет­кі­з­ді. Сондай-ақ, кез­десу ба­рысында тараптар бір­лес­кен кәсіпорындар құру, тех­но­логияларды жетілдіру, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту жайын сөз етті. Бір­­­лескен кәсіпорынның ал­ғаш­қысы ашылып та үлгерді. Иранда жылдық етке қа­жет­т­ілік 2 млн 400 тоннаны құ­райды екен. Бұл орайда оңтүстіктен күніне 60 тоннадан астам экологиялық та­за ет экспортталмақ. Оны кү­ні кеше Сайрам ауданында ирандық инвесторлардың қа­тысуымен ашылған ірі кө­лем­де ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат жүзеге асыратын болады. Мұнда тәулігіне 3000 ұсақ мал мен 200 ірі қара сой­ылып, әзірленеді. «Қайып ата» ЖШС-нің еншілес қо­жалығы болып табылатын «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты бұл жобаны Иран мемлекетімен бір­ле­се бастап отыр. Жаңа ет ком­бинатының ашылу салтана­тына облыс әкімі мен Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы мини­стрі­нің кеңесшісі бастап кел­ген делегация қатысты. Кө­лемі 15 гектар бола­тын ет комбинатының 2000 шаршы метрден ас­там аумағы өн­ді­рістік құ­ры­лымға не­гіз­делген. Гер­ма­ниялық тех­­нологиямен жабд­ық­тал­­ған кәсіпорын толық қуат­тылығына шаққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріліп, жер­гі­л­ікті 350 адамды жұмыспен қам­тамасыз етпек. Жобаның инвес­тициялық құнының 75 пайызын ирандық инвесторлар салған. Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы