• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2017

Бұрқасын салдарынан еліміздің үш облысында жолдар жабылды

395 рет
көрсетілді

Бұрқасын салдарынан республикадағы үш облыстың жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 19 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) Жамбыл облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» тас жолының учаскесінде (534-593 шақырым) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ 19 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының учаскесінде (593-632 шақырым) көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды. Бұған қоса, 19 ақпанда сағат 9:15-те республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының бойындағы 92-258 шақырым аралығында қатты боран мен қалың қардың салдарынан қозғалыс толық тоқтатылған.