• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2017

Жамбыл облысында қаза болған әскерилермен қоштасу рәсімі өтті

155 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөлімінің аумағында Жуалы ауданындағы қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан әскерилердің мәйіті туыстарына жеткізіледі. Жерлеу рәсімінің уақытын отбасылардың өздері шешеді. Қаза болған төртеуінің Жамбыл облысы тұрғындары екені белгілі. 24 жастағы келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер – Тілеужан Кеңесов, 22 жастағы қатардағы жауынгер – Мақсат Шәкен, 26 жастағы ефрейтор – Мұхит Тұрысмағанбетов Жуалы ауданының, ал 25 жасар кіші сержант Әуесбай Ерісбаев Тараз қаласының тумасы. Аға лейтенант Әлішер Мошабаев пен кіші сержант Мақсат Қыдырбаев алматылықтар. Ал 29 жастағы кіші сержант Әмір Аралбаев Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болған. Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні орын алды. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған Үкімет комиссиясы жұма күні Жамбыл облысына келді. Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына өтемақы беріледі. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабына сәйкес, әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай үлес көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған.