Бауырсақ дастарқанға төгілгенде,
Шаттанып желпінеді-ау көңіл демде.
Әйелдің ақ пейілін аңдағайсыз,
Бір шара бауырсақпен көрінгенде.
Қашаннан қазағымның берекесі,
Тойы мен томалағы, мерекесі,
Бауырсақ, ас атасы, айналайын,
Ырысым, тынысым да сен екенсің!..
Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»