• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Кенесары хан туралы қолжазба табылды

635 рет
көрсетілді

Тіл-аузымыз тасқа, соңғы кездері өт­кен тарихымызды түгендеуде күт­пе­ген олжаларға кезігіп, шаң басқан мұ­­рағаттар түбінен көптеген құнды жә­­­дігерлер табылуда. Соның бірі ре­тін­­де қазақтың соңғы ханы Кенесары Қа­сымұлы жайлы жазылған құжаттың түпнұсқасы табылғанын айтуға болады. Қолжазбаның авторы өзге емес, Кене ханның өз ұлы – Ахмет Кенесарин екен. Бұл құжат Мәскеудегі мемлекеттік тарих мұражайының қорында 105 жыл бойы сақталып келгенімен, күні бү­гінге дейін ол туралы ешкім білмеген. Ресей­лік түркітанушы Илья Зайцев қол­жаз­баны 2004 жылы тапқанымен, енді ғана кітап етіп жариялап отыр. «Біз көрме жасайтын болып, мұра­ғат­тағы аса көрнекті жазбалардың үлгі­ле­рін таңдаған болатынбыз. Ол кезде мен жазбаның мәтініне де қатты назар ау­дармаппын. Бір жағынан, ол кезде Қа­зақстан тарихын жақсы білмейтінмін, сон­дықтан, оның маңыздылығын дұ­рыс бағалай алмадым. Кейін, Кейкі ба­­­тырдың басы, Кенесары хан туралы бас­­пасөзде айтыла бастағанда, сол жазба есіме түсті, оны оқып шығып бұл қол­­жазбаның аса құнды екенін бір-ақ біл­­дім», дейді Зайцев. Әкесі Кенесары хан мен ағасы Садық туралы Ахмет Кенесариннің әңгімесі аударылып, 1889 жылы Ташкентте баспадан шығаруға әзірленген екен. Sputnik агенттігінің жазуына қарағанда, 64 па­рақ­тан тұратын құжат осы жылдар бойы та­нымал тарихи артефактілерді жинаушы мен зерттеуші Сырдария облысы губернаторы Николай Гордеков қорының сөресінде сақталыпты. Енді, бұл қолжазба қазақ тарихын жа­ңаша қарауда ауқымды жұмыстардың бас­тауына түрткі болып, зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»