• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Салық саясатындағы тың бағыт

145 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың халық­қа арнаған биылғы «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қа­бі­леттік» атты Жолдауы маз­мұ­ны бойынша мемлеке­ті­міз­дің экономикалық өсуі­нің жаңа моделін құруды көз­деген маңызды және өзек­ті бағдарламалық құжат. Елі­­міз­дің нақты жаһан­дық бәсе­­ке­лестікке қабілетті ел болып, табысты өткен екі жаң­­ғы­рудан мол тәжірибе жи­­нап, «Қазақстан-2050» стра­­те­гиясын орындауға бағы­т­­талған сенімді қадамы болмақ. Елбасы Жолдауы аясында дамудын бес негізгі басым­дық­тары ретінде ұлттық эко­но­микамыздың техно­логиялық жаңғыртылуы, іскер­лік ортасын жақсарту, макро­экономикалық тұрақ­тылық, адами капитал сапа­сын жоғарылату, ұлт қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлықпен күресу белгіленген. Жолдаудың бірінші ба­сым­дығында, экономиканың жеделдетілген техноло­гия­лық жаңғыртылуына қол жеткізу үшін цифрлы индустрияны дамыту басқа салаларға серпін беретіндігін айта келіп, Үкіметке IT-стар­таптар халықаралық тех­нопаркін құру тап­сы­рылған. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Біздің саланың негізгі қызметіне қатысты тапсыр­маның тағы бірі – ол бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мемлекетіміздің страте­гия­лық мақсатының бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнес­тің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету бағы­ты. Осыған орай, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетік­терін одан әрі жетілдіру үшін әр өңір жаппай кәсіп­кер­лікті, соның ішін­де отба­сылық кәсіпкерлік­ті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Оның ішінде, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру арқылы са­лық түсімдерін ұлғайту мем­ле­кеттік кірістер органдары қыз­метінің тиімділігін баға­­лау­дың негізгі көрсет­кіш­терінің бірі деуге болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтай­лан­дырудың маңызы өте зор. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қай­та­­ланатын рәсімдерді жою арқылы салық төлеу­шілер уақытының үнемде­луі­не жағдай жасауға бағыт­талған. Бұл орайда, адам­ның өзінің баруын қажетсін­бейтін толық электронды фор­матқа көшіруді кезең-кезе­ңі­мен енгізу көзделіп отыр. Ал, үшінші басымдық – мак­роэкономикалық тұрақ­тылықтағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалып­қа келтіру және экономи­каны қаржыландыруға жеке меншік капиталды тарту. Ұлттық банк функция­ларын өзгерте отырып, банк­­тердің ахуалына жедел бақы­лау орнату үшін оған бұ­рынғы­дан да көбірек құқық берілетін болды. Сондай-ақ, салық-бюд­жет саясатын жаңа эко­но­ми­калық жағдайға бейімдей отырып, мемлекеттік даму бағдарламаларына тиесілі ресурстар мен қаражатты игерудің тиімділігін тексеру қажеттілігі нақты міндет етіп қойылып отыр. Сонымен қатар, қаражатты нақты эко­но­микаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюд­­жет­тік рәсімдерді жеңіл­дету қа­жеттілігі де атап өтілді. Елбасымыз салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикі­заттық емес сектордағы са­­лық­­тық базаны кеңейту бо­йын­ша нақты міндеттер қой­ды. Қазіргі таңдағы салық же­­ңіл­­дік­терін оңтайландыру, жал­­пы­­ға ортақ декларация­лау қарсаңында арнаулы са­­­лық режімдерін жаңаша қа­­рас­­­тыру және салықтық әкім­­­ші­лендіру тетіктерін же­тіл­­­діру қажеттігін айтып өтті. Со­ның ішінде, қосымша құн са­­лы­­ғына қатысты бір­қа­тар өзек­­ті мәселелерді шешу Жол­­дауда нақты тапсырылды. Осы ретте, ауқымды бағ­­­дар­­­ламаларды жүзеге асы­ру­ға қажетті қаражат­тың басым бөлігі мемлекет қазы­насынан жұмса­ла­тын­дығын ескерсек, мем­ле­кеттік кірістер органдары­ның Ел­ба­­сы­ның Жолдау­ындағы тап­сыр­маларды орын­дау­дағы орнының ерекше­лігін, оларға қойылған мін­дет­тер мен талаптардың маңызды­лығын атап көрсету қажет деп есептеймін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қа­зақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты кезекті Жол­дауы­нан туындаған мін­дет­тер­ді жүзеге асырып, елі­міз­­­дің экономикасын одан әрі дамытып, халықтың әл-ау­қатын жақсарту жо­лын­дағы мақ­сатымызға жету үшін, бір­лесе аянбай еңбек етуге тиістіміз. Біздің бірлесіп атқа­ра­тын жұмысымыз – мем­ле­кет­­тің және елдің мүдде­сі. Ол баршамызға ортақ іс. Сон­дықтан, Жолдау­дағы тап­сыр­малар мен міндет­терді баршамыз бірауыздан қолдап, орындалуына күш салуымыз керек. Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы