• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Медициналық сақтандыруды түсіндірудің жаңа кезеңі

169 рет
көрсетілді

Астанада Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауындағы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алексей Цой өз сөзінде «Ел­ба­сы биылғы Жолдауында ден­сау­лық сақтау жүйесінің алдына мін­­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыруды енгізу, денсаулық сала­сын ақпараттандыру, дәрілік заттар­дың бағасын реттеу сынды бір­қатар міндеттер қойды. Сондықтан біз кең көлемді ақпа­раттық-түсіндіру жұ­мыстарын қолға алып, дайындық жұ­­мыс­тарын жүргізуіміз қажет», деді. Оның айтуынша, МӘМС жүйесін енгізу кезінде денсаулық сақтау саласы бәсекелестік ортаға енеді, бұл көрсетілетін меди­циналық көмектің сапасын арттыруды көздейді. Ден­сау­лық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру алго­ритмдері мен клиникалық хаттамаларын енгізу, медициналық қызмет көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласының субъектілері арасында байқау өткізу, медицина­лық қызметтерді аккредиттеу, келі­сім­шарттық міндеттемелерді бақы­лау нәтижесі бойынша сапасы мен көлеміне қарай қызметтер­ге ақы төлеу, денсаулық сақтау сала­сын­дағы мемлекеттік бақылау мен қада­ғалау қорытындылары – меди­цина­лық қызметтердің сапасын қам­тамасыз етпек. Шараны қорытындылай келе, А.Цой «МӘМС-ті енгізу қазақ­стан­дықтардың денсаулығын жақсар­туға, өмір сүру ұзақтығын артты­руға, сапалы медициналық көмек­ті қолжетімді етуге, оны халық­тың сұранысына сай етуге, амбу­ла­тор­лық деңгейде дәрімен қамта­масыз етудің аясын кеңейтуге, ден­сау­лық сақтау жүйесіндегі бейресми төлемдер көлемін азайтуға мүм­кіндік береді», деді. Жиынға қатысушылар Елбасы Жолдауының мән-маңызына тоқ­талып, денсаулық сақтау сала­сын­­дағы ел ертеңі үшін жасалып жат­қан елеулі жұмыстарды тілге тиек етті. Сонымен қатар, кез келген реформаның сәтті өтуі үшін қо­ғам­дық қолдаудың ауадай қажет екенін алға тартты. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»