• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Бас құжаттағы басымдықтар экономика үшін маңызды

191 рет
көрсетілді

Кеше Астана қаласында Ұлттық экономика министрлігі мен Экономикалық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауын қол­дап, насихаттауға арналған шара­да институттың басқарма төр­­ағасы Сержан Мәдиев сөз сөй­леді. Ол бас құжаттағы басым бағыттарды атап, бұл ел дамуы­ның жол картасы екенін әңгімеледі. Басқосуда институт жанын­­­­дағы сараптамалық зерт­­теулер ор­талығының директоры Са­ра Алпысбаева мекеме сарап­шы­ларының 2017 жылғы экономика өсі­мі­не қатысты болжам­дары Үкі­меттің жасаған бол­жам­дары­нан жоғары болып шыққа­нын мәлімдеді. «Біз­дің жоба­лауымызша, Қа­­зақстан­ның тұрақты әлеу­меттік-эко­номикалық дамуы үшін қатерлер төмен­деді. Биыл­ғы ел экономика­сына сала­дағы белсенділік, xалық кірі­сінің артуы, сонымен қатар, кен өнеркәсібі­нің өсуі қолдау жасайды. Институт ма­ман­дары ағым­дағы жылы еліміз­дің эко­номикалық өсімі 2,7 пайыз болады деп жоспарлау­да», деді ол. Ұлттық экономи­ка ми­нистрлігі ішкі жалпы өнім­­нің болжамды деңгейін 1,9 пайыздан 2,5 пайызға дейін көтергені есімізде. Сара Ал­пыс­­баеваның айтуынша, Қазақ­стан үшін ең төменгі бол­­жам­дарды Дүниежүзілік банк жария еткен – небәрі 2,2 пайыз. «Шикізат экспорттаушы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда, біз өсім бола­тынын болжап отырмыз. Деген­мен, ол біздің бір­шама тұрақты екенімізді білдірмейді. Модель одан өзгермейді. Біз шикізатқа тәуел­ді болып қалудамыз. Ме­нің­ше, Президент өзінің Жол­­дау­ын­да атап өткен үрдіс­­тер эко­номика үшін өте маңыз­ды, әсі­ресе институттық өзгеріс­­тер­дің орны ерекше», деді өз кезегінде Дүниежүзілік банк­тің Қазақстандағы аға эконо­мисі Ілияс Сәрсенов. Асхат РАЙҚҰЛ «Егемен Қазақстан»