• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Білімнің жайы талқыланды

133 рет
көрсетілді

Елбасымыз «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауындағы төртінші басымдықта білім беру­ді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыра отырып, орнықты білім арқылы елімізді озық елдердің қатарына қосуды мақсат тұтып отыр. Ұлттық музейде «Қазақ­стан демократиялық жаңару белесінде» тақырыбында өткен республикалық конференцияда білім саласындағы реформа және билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу, Ата Заңға өзгеріс енгізу мәселелері кеңінен әңгіме болды. – Жасыратыны жоқ, қазір­гі кезде жастардың бар­лы­ғының жоғары оқу орындарында грантпен оқуға мүм­кіндіктері жоқ, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Талдыбек Нұрпейіс. – Амал жоқ, ақылы оқу орындарына барады. Содан ақша табу үшін сабақтан кейін жұмыс істей­ді. Бұл әрине, студентке көп күш түсіріп, оқуына кедергі келтіреді. Міне, биыл­ғы Жол­дауда кәсіптік білім беруді ақысыз ету мәселе­сі нақты айты­лған. Бұл дегені­міз – жоғары оқу орнына дайын­дық әрі жастар мейлінше маман­дық­­сыз қалмайды деген сөз. Жиында сондай-ақ, Еркеш Нұрпейісов, Талғат Қалиев, Жангелді Махашов сынды ғалымдар өз ой-пікірлерін білдіріп, Жолдаудың алға қойған мақсаттарын кеңінен саралап берді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» АСТАНА