• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Ел мәдениеті кеңінен көрсетіледі

198 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, биылғы жазда халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде өткізілетін мәдени ойын-сауық іс-шараларының кешенді бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаға сәйкес, қазақстандық және шет ел шығармашылық топтары мен орындаушыларының, сондай-ақ, еліміздің жас дарындарының қатысуымен 3,5 мың мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл туралы жақында Орталық коммуникациялар қызметінде бағдарламаның таныстырылымында Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті. «Қазанат» ипподромының аймағында 2500 шаршы метр ауданда орналасатын «Этноауыл» этномәдени кешені қазақ хал­қы­ның ұлттық дәстүрлерінің орта­лығына айналады. «Этноауыл» келушілерді қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, өнері және дәстүрлерімен таныстырып, кел­ген қонақтың әрқайсысына көш­пенділер өркениетінің этно­мәдени ортасын, өткен ғасырлар тынысын өз бетінше сезінуге мүмкіндік береді. «ЭКСПО мәдени бағдар­ла­масы шеңберінде Ла Скала (Италия) театрының гастрольдері, әйгілі Пласидо Доминго негізін қалаған әрі көркемдік жетекшісі болып табылатын «Опералия» опе­ра әншілерінің халықаралық бай­қауы, Император Цинь Ши­хуан­­дидің Терракот әскери му­зейі­нің көрмесі, Ежелгі Египет ар­хео­логиялық бұйымдарының көр­­месі, Эрмитаж қорларының көр­­­месі, «TURKVISION» заман­ауи эстрада өлеңдерінің бай­қа­уы және тағы басқа іс-шара­лар өтеді», – деп атап өтті А.Нұраз­хан. Оның айтуынша, ЭКСПО-­2017 халықаралық ма­­ман­­­­­дан­дырылған көрмесі шең­­бер­ін­де өтетін мәдени ойын-сауық іс-ша­ра­ларымен бұқа­ра­лық қау­ым­ды кеңінен таныстыру мақ­сат­ында арнайы сайт жұмыс істейді. «Халықаралық көрмені өткізу барысында «Астана Опера» Мем­лекеттік опера және балет театрының шығармашылық ұжымы қала тұрғындары мен қо­нақтарына 70-тен астам мә­дени іс-шара ұсынады. Олар театр­дың Үл­кен және Камералық залында өтіп қана қоймай, ашық аспан ас­тындағы алаңдарда да ұйым­дастырылады, – деп атап өтті «Ас­тана Опера» Мемлекеттік опе­ра және балет театры дирек­торы­­­ның бірінші орынбасары Тө­леу­бек Әлпиев. Шаралар легі 10 және 11 маусым күндері А.Жұ­ба­­нов пен Л.Хамидидің «Абай» қазақ ұлттық операсымен ашылады. Театр ашық аспан астында Дж.Вердидің «Аида» операсын және Л. Минкустың «Дон Кихот» балет спектаклін қоюды жоспарлап жатыр. Мәдени бағдарлама аясында театр сахнасында әлем­дегі вокалистердің арасында ең беделді болып табылатын «Опералия» байқауы, Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­де­миялық опера және балет теа­трының гастрольдері, Г.Малер­дің №8 симфониясы, Ла Скала және Мария театрының гаст­рольдері өтетін болады. «Бұл халықаралық көрме барысында театрымызда өтетін іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Мен айтқан ірі халықаралық жобалардан басқа «Астана Опера» театрының сахнасында ұжымның репертуарынан опералар мен балеттердің қойылымдары үз­діксіз өтіп отырады. Атап айт­қан­да, театр репертуарында 20 спек­такль, оның ішінде 11 жар­қын балет пен 9 опера бар», – деді театр директорының орынбасары. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»