• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Арбадағылардың арманы асқақ

310 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_103060" align="aligncenter" width="560"] n[/caption] Олар өздерін мүгедекпін деп санамайды. Ел қатарлы еңбек етіп, қоғамға өз үле­сі­мізді қоссақ дейді. «Көз қор­қ­ақ, қол батыр» дегендей, шамасы жеткен ш­аруаға кірісіп, білмегенін үй­ренуге тырысып жүрген жандар. Жақында осындай мүм­кіндігі шектеулі жан­дар­дың бос уақытын тиім­д­і өт­кізіп, ебі келетін ең­бек­пен айналысуына жағ­дай ту­дырып отырған «Дос» тәу­елсіз өмір орта­лы­ғы­ның жұмысымен таны­сып, директоры Дина ИСЛАМҚЫЗЫМЕН әң­гі­мелескен едік. – Бұл орталық қай жылы, қандай мақсатпен құрылды? – Кез келген адамның өмір­ден алатын еншісі бар. Ол мүгедек болса да, он екі мү­ше­сі сау болса да маңдайына жаз­ғанын көреді, бұйырған не­сі­бесін алады. Орталық 2006 жы­лы құрылып, содан бері үзіліссіз жұ­мыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін әртүрлі қайырымдылық ша­раларын өткіздік. Үйде отыр­май, үйренем деп келген жан­­дарға қолымыздан келетін кө­мекті көрсетіп келеміз. Біздің мақ­сатымыз – арбаға танылған адам­дардың арманын орындау, жігерін жану, қоғамда өзін­дік орны бар екенін көрсету. 2005 жылы республикалық фо­рум өтті. Сол кезде өзімнің әріп­тес­теріммен ақылдасып, осындай орта­лық құру жөнінде ой туды. Со­дан соң 10 адам бірігіп, бұл жұ­мысты бастап кеттік. Біздің ойы­мызды құптаған әкімдік осын­дай ғимарат беріп, жағдай жа­сады. – Негізінен қай бағытта жұ­мыс жүр­гізесіздер? Келу­ші­лер сіз­­дер­ден не үйренеді? Олар­ға қай жағынан көмек бере­сіз­дер? – Мен 20 жылдан бері арбада отырғандықтан, мүгедек жандардың жағдайын жақсы түсінемін. Себебі, олар арбаға танылған алғашқы күннен бас­тап енді не істеймін, әрі қа­рай өмірім қалай болады деген сұрақтың шырмауында күн кешеді. Міне, осы кезде олар­дың жан сырын жақсы тү­сі­нетін адамдар қасынан табы­лу керек. Біз келушілерге құ­қық­тық, психологиялық көмек көр­сетеміз. Сонымен қатар, қол­­өнер бұйымдарын жасау­ды үйретеміз. Бізге келген адамдар ең­бек етуді үйреніп қана қой­майды, өмір сүруді де үй­ренеді. Бір-бірімен танысып, сыр­ласып, өздеріне жақсы дос табады. Қазіргі уа­қытта Алтынай есімді жеке кә­сіп­­кер қыз-келіншектерге мани­кюр, пе­дикюр іспетті сән сало­нының түрлі қызметтерін үйретіп жатыр. Ол болашақта өзінің жеке сән салонын ашып, оған осы жер­­ден үйренген адамдар­ды жұ­мыс­қа алуды көздеп отыр. Біз үй­ренушілерден ақша алмай­мыз. Олардың өмір сүруге деген талпынысын арттырып, қо­ғамның бір мүшесі екенін се­зіндіре алсақ, еңбегіміздің жан­ғаны. Менің ойымша, мүгедек жан­дарға шарасыз деп қара­мау керек. Се­бебі, былтыр Рио­да өт­кен па­ралимпиада ойындарын­да қазақстандық Раушан Қой­­шы­баева пауэрлифтингтен әйел­дер арасында 67 кило сал­­­мақ дә­режесінде күміс медаль ие­ленді. Ал 100 метрге ер­кін әдіспен жү­зу­де Зүлфия Ға­би­дуллина алтын ал­­ды. Осы­ған қа­рап, олардың мүм­­к­ін­­дігі шек­теу­лі деп қалай ай­т­асыз?! Біздің орталықта Ар­дақ Отар­баев атты талантты жігіт бар. Ол тен­нистен 2009-2012 жыл­дар ара­лы­ғында өткен рес­публикалық чем­­­пионат­тардың бірнеше дүр­кін жүл­­дегері, арбамен билеу­ден 2013 жылы Мәскеуде өт­кен «Кон­тиненттер ку­бо­гының» кү­міс және қола ме­далінің иегері. Бір­­неше ха­лық­аралық жарыстың же­­ңім­пазы. 2013 жылы Токиода ұйым­­дастырылған әлем чем­пи­она­тының қола медалін жеңіп ал­ды. Арбамен билеуден 2014 жы­лы Азия рейтингі бойынша бі­рінші орын алып, Оңтүстік Кореяда өткен ІІ Пара Азия ойын­дарынан 2 күміс, 1 қола медаль­мен оралды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Жан­шуақ-2015», «Қайсар тұл­ға-2014» сыйлықтарының иегері. Осыдан он жыл бұрын жол апатына түсіп, мүгедектер қатарына қосылса да арманы асқақ, мақсаты мығым. Біреуге деген іштарлығы емес, өмірге деген құштарлығы биік. Ор­талыққа келген адамдар осы Ардаққа қарап қуат алады десем де болады. – Болашаққа қандай жос­пар­ларыңыз бар? – Бізде қазір «Инвосто» атты жоба бар. Осы ретте бұл жоба не үшін керек, атқаратын қызметі қан­дай деген сұрақтың туындауы заң­ды. Негізінен, мүгедектерге арналған арба мемлекет тарапынан 4 жылға беріледі. Бірақ оның кейбірі 1-2 жылда сынып қа­лып, жарамсыз болып жатады. Мемлекет тарапынан қойылған межеге жеткізу үшін оны әрі қарай жөн­деп, сынған жерін дұрыстау осы «Инвосто» жобасының аясында жүзеге асады. Сонымен бірге, алдағы уа­қытта мүгедектерге арналған әлеу­меттік такси жобасын іске асы­рсақ деген жоспарымыз бар. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»