• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

100 «жедел жәрдем» алынады

145 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының ден­саулық сақтау саласы меке­ме­ле­ріне биыл 100 «Жедел жәр­дем» кө­лігі сатып алынады. Бұл жө­нін­де облыс әкімі Алтай Кө­лгінов есеп­­тік кездесуде мәлім етті. 2017 жылы өңірде 750,5 млн тең­ге қаржы жұмсалып, 20 нысан күр­делі жөндеуден өтпек. Орал қаласында жаңа, №7 емхана ашылады. Ақжайық, Бөрлі, Зеленов ау­дандарында электронды кезек жүйесі енгізіледі. Бүгінде 36 ден­саулық сақтау мекемесінде ме­ди­циналық ақпараттық жүйелер жә­не бірыңғай Call-орталық жұ­мыс істеп тұр. Өткен жылы БҚО-да ден­саулық сақтау саласына 56 көлік берілген. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ