• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Қар құрсауынан алып шықты

239 рет
көрсетілді

Биыл Қостанай өңірінде қар қалың. Боранда үріп жауған қар көптеген жерде жолдарды бөгеп тастайды. Әсіресе, Қарасу ауданындағы Ушаков селосындағылар биыл қыста кең дүниеден бө­лініп, аралда қалғандай се­зініп отыр. Бас даңғыл мен ауыл­ды қосатын 25 шақырым жол­ды қар үріп тастай береді. Тау боп үйілген қардан техни­ка жүре алмайды, оны тазалау да мүмкін болмай тұр. Сон­дықтан, Төтенше жағдайлар де­пар­таменті қызметкерлері мен Солтүстік өңірлік аэро­мо­бильді жедел-құтқару от­ряды құтқарушылары биыл қыста Ушаковқа көз қиығын салып отырды. Әй­теуір телефон байланысы бар, тұр­­ғындар төтенше жағдай қа­­лыптасқанда хабарсыз бол­май­ды. Жақында ғана ақпан­дат­қан боран күндері осы ауылда босануға тиісті әйел мен демікпемен ауыра­тын ер кісіні жедел ауру­ханаға жеткізу керек бол­ды. Солтүстік өңірлік аэ­ро­­мобильді жедел-құтқару от­рядының қызметкерлері жол таңдамайтын ТРЭКОЛ авто­мобилі жүкті әйелді, науқасты және олардың туыс­­тарын алып, оппа қар­мен жү­ріп оты­рып, 25 ша­қы­рым жер­дегі да­ң­ғыл жолға шы­ғар­ды. Аяғы ауыр әйелді кү­тіп тұр­ған жеңіл машина оны Әулиекөл аудандық ау­ру­хана­сына жеткізді, ер кісі­ні Қостанайға алып кетті. Құтқа­ру­шылардың айтуынша, Ушаков ауылына жететін жол­­ды көмген қардың үстімен құт­­қару техникаларының өзі зор­ға жүреді. Қыс бойына қар­дың тұтқыны болған ауылдан құтқарушылар аяғы ауыр үш әйелді перзентханаға жет­кіз­ді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы, Қарасу ауданы