• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Аңыз адам

155 рет
көрсетілді

Ақпан айының қақ ортасында өнер өкілдері біртуар суреткер Шәкен Аймановты ұлықтауды ұмытқан емес. 15 ақпанда КСРО халық ар­тисі, КСРО және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сый­лық­тарының лауреаты, көр­нек­ті театр және кино актері, бел­гілі кинорежиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов дү­ние­ге келген. Ұлттық дүниетанымды эк­­рандық өнерде ал­ғаш бей­­­­нелеген ұлы кине­ма­тог­­­рафтың туған кү­нін­­де Ш.Ай­манов атын­да­ғы «Қа­зақ­­фильм» АҚ ұжы­мы қа­зақ кино­сы май­тал­ма­ны­ның ес­­­­кер­тк­іші­не гүл шоғын қой­­­ды. – Шәкен Айманов – аңыз адам. Ол қазақ кино­сы­ның символы. Оның шы­ғар­­­машылығы тек Кеңес Ода­ғын­да ғана емес, шет­елдің көрермендері мен киногерлері ара­сында да танымал. Оның фи­льм­де­рінде көрермендері мен Ота­нына деген шексіз ма­ха­б­баты сезіліп тұрады. «М­аха­б­­- бат дастаны», «Ата­ме­кен», «Та­қиялы періште» фи­льм­дері соның айқын дә­лелі. Біз барда Шәкен Ай­ма­нов­­тың есімі де мәң­гі. Жа­қын арада Шәкен Ай­ма­нов­тың мұражайын ашып, қол­ға ал­мақпыз. Өмі­рі пара­сат пен өне­геге өріл­ген Ай­манов­тың шы­ғар­ма­шы­лы­­ғын келер ұр­паққа жет­кі­зу біздің пары­зы­мыз, – де­ді Ш.Айманов атын­­­д­ағы «Қазақфильм» АҚ­ пре­зи­ден­ті Бақыт Қайыр­бе­ков. Талантты режиссердің ту­­ған күніне орай ұйымд­ас­­ты­рылған митингте кино­ре­жи­ссердің әріптестері сөз сөй­леп, естен кетпес кездесулер ту­ралы әңгімеледі. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ