• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Тоғыз жыл бұрын аты қойылған кітапханаға төлқұжат енді берілді

143 рет
көрсетілді

Бір қызығы, Кеңес өкіметі кезінде А.Гайдар атын иемденген бұл кітапханаға Хамза Есенжановтың есімі жазушының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2008 жылы берілген болатын. Содан бері түрлі жиындарда, тіпті баспасөз бетінде «Хамза кітапханасы» аталғанымен, кітап ордасының «куәлігі» осы кезге дейін өзгермеген екен. Жақында ғана Үкіметтің №827 қаулысына сәйкес облыстық балалар және жасөспірімдер коммуналды мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Хамза Есен­жанов атындағы облыстық балалар және жас­өспірімдер кітапханасы» болып өзгертілді. Кітапхана ұжымы бұл атаулы күнді салтанатты жиынмен атап өтті. Өмірінің 20 жылын айдауда өткізген қайсар жазушы туралы естеліктер айтылды. Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері «Ақ Жайық» трилогиясынан сахналық көріністер қойды. Патшалы Ресей және Кеңес билігі кезінде отарлық орыстандыру орталығының бірі болған Орал қаласында өзгеріс күтіп тұрған атаулар әлі көп. Облыс орталығының іргесіндегі елді­мекендер тұтасымен өзге тілде шүлдірлеп тұр. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ