Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарындарында қазақстандық шаңғышы Елена Коломина классикалық жүріспен жеке спринт жарысында (1,4 шақырым) күміс жүлдені иеленді.
Бұл сында алтын медаль 3 минут 48,29 секунд нәтиже көрсеткен Қытай спортшысы Дандан Манға бұйырды. Ал австралиялық Кэйси Райт (+10.49) үшінші орынға тұрақтады.
Еліміз үшін бұл Жапония жеріндегі алғашқы медаль.