19 ақпан күні кешке Астанадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде өрт болып, 150 адам, соның ішінде 50 бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сағат 21.10-да Алматы ауданы, Қошқарбаев көшесі, 2 мекен жайында орналасқан «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің «А-1» блогында түтін шығып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, насосты бөлме-жайда 60 шаршы метр аумақта кабель мен қоймаға қойылған жиһаздар өртеніп жатты. Тілсіз жау 22.14-те өшіріліп, 22.35-те толығымен ауыздықталды. Өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1996 жылы туған азаматқа медициналық көмек көрсетілді. 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 50-і - балалар», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оқиға орнында астаналық өртке қарсы қызметінің 8 техникасы мен 35 адамы, «102» және «103» қызметтерінің мамандары жұмыс істеді.