Өткен жұмада мұнай бағасы болмашы өскенімен, апта басынан бергі көрсетішпен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Оған себеп өндіріс көлемінің артуы мен АҚШ мұнай қорының көбеюі.
Өткен аптаның соңғы сессиясында Лондон қор биржасында Брент маркалы қара алтын құны 0,3 пайыз арзандап, 56,70 долларға теңесті.
Ал апта бойы Бренттің баррелі 0,89 долларға арзандаған.
АҚШ мұнай өндірісінің ұлғаюы нарықта ОПЕК күткен бағаның орнауына кедергісін келтіруде.
Төменде осы аптадағы шикізат бағасына әсер етуі мүмкін айтулы оқиғалар тізілген.
Дүйсенбі, 20 ақпан
АҚШ-та Президенттік күнге байланысты нарық жабық болады.
Сәрсенбі, 22 ақпан
Халықаралық энергетикалық агенттік АҚШ экспорты туралы мәлімдемесін жариялайды.
Бейсенбі, 23 ақпан
АҚШ Энергетика министрлігі елдегі мұнай, жанармай мен таиғи газ туралы мәліметін жария етеді.
Жұма, 24 ақпан
Baker Hughes компаниясы АҚШ бұрғылау құрылғыларының саны туралы апта сайынғы мәлімдемесін жасайды.