• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

2017 жылы ОҚО-да 3 инвестициялық форум өтеді

92 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2 инвестициялық форум өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жұмыстарды жандандырып, жолға қою үшін жыл соңына дейін 3 инвестициялық форум өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан Жансейіт Қансейтіұлы оның біреуі ақпан айының басында «Қазақстан-Түркия» инвестициялық форумы ретінде өткенін еске салды. 70 компанияның жетекшілері қатысқан шара аясында 4 ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Облыс басшысының мәліметінше, келесі екінші форум сәуір айында өтпек. Онда Қазақстан мен Сауд Арабиясы елдерінің 40-тан компаниясынан келген өкілдердің қатысуымен екі жақты кездесу ұйымдастырылатын болады. Ал мамыр айында "Оntustik Іnvest-2017" халықаралық инвестициялық форумы жоспарланып отыр. Оған 30  мемлекеттен 700-ге жуық делегат қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек, аймақ әкімі машина жасау, туризм, ауыл шаруашылығы, тоқыма, "Ақылды қала" салалары бойынша ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу мақсатында Германия, Ұлыбритания, Грузия, Испания, Италия, Түркия, Ресей және т.б. мемлекеттеріне ресми сапар жоспарланып жатқанын жеткізді. Инвесторлардың Оңтүстікте орнығуы үшін барлық көмек көрсетілетін болады.