• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Елордада әлеуметтік көмек ретінде тіс протездеу қызметі тегін ұсынылады

249 рет
көрсетілді

Жыл сайын елордада қалалық мәслихаттың 2014 жылы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес тіс протездеу түрінде тегін қызмет көрсету қарастырылған. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады. Бұл жеңiлдiктер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестiрiлген адамдарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге ұсынылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қызметтер кезектен тыс көрсетіледі. Қалған санаттардағы азаматтарға қызметтер кезек ретімен ұсынылады. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішпен бірге мына құжаттарын тапсыруы тиіс: жеке куәлігінің көшірмесі, мекен жай анықтамасы, мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі, уәкілетті медициналық ұйым берген тіс протездеу қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды. Тiсті протездеуге әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет көрсетіледі. Аталған әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ауыз қуысына арналған ем-дом шаралары атқарылады. Толық ақпарат алу үшін Иманбаева көшесі, 16, тел. 21-27-14, 21-09-41, 21-29-88 мекен жайы бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласуға болады.