• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

153 рет
көрсетілді

Тимур Тəшімбаев Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Тимур Тəшімбаев С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тəмамдаған. Еңбек жолын Алматының Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметінен бастайды. Əр жылдары ҚР Прокуратурасында түрлі қызметтерде болды. Алматының Түріксіб жəне Бостандық аудандарының прокуроры, Астана прокурорының орынбасары жəне 2007-2012 жылдар аралығында ҚР Президенті Əкімшілігінің бөлім басшысының орынбасары қызметінде болды. Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалғанға дейін ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.