• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

2016 жылы Қазақстанда 10,5 млн ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді

195 рет
көрсетілді

2016 жылы 10,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 90 мың тұрғынды қамтиды. Бұл туралы бүгін ҚР Инновациялар және даму министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2016 жылы құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі 830 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 740 млрд теңге болған.  "Жүргізілген реформалар нәтижесінде кәсіпкерлер үшін құрылыс жүргізуге рұқсат алу мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқарды. Аталған көрсеткіштер бойынша Қазақстан Бүкіләлемдік Банк рейтингісінде 152 орыннан 22 орынға көтерілді. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасы әзірленіп, оның аясында 1,5 млн. тұрғын үй салынатын болады. Ал, 2017 жылы 100 мың тұрғын үй жоспарланып отыр", - деді министр. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс тікелей қаржыландыруға ауыстыру. "Негізгі басымдық жеке құрылысшыларды ынталандыру арқылы нарықтық қатынасты және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесін дамытуға берілмек. Сөзімді қорыта келе айтарым, Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер дер кезінде және сапалы орындалатын болады" - деді Жеңіс Қасымбек.