• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Мемлекет басшысы «Жайылымдар туралы» ҚР заңына қол қойды

119 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың жай-күйін және инфрақұрылымын жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталмыш Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.