• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Альварес неліктен Головкинді таңдамады?

221 рет
көрсетілді

WBC нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карлос Куадрас отандасы Сауль «Канело» Альварестің неліктен Головкинді емес кіші Чавесті таңдағанын айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz. «Канелоның» промоутерлері Чавестің әлсіздеу қарсылас екенін біледі. Ал Головкинді жеңу олар үшін әзірге мүмкін емес. Альварес Чавесті жеңсе, онда келісім бойынша қыркүйекте қазақстандық боксшымен жұдырықтасуы кере. Ал Чавес жеңіп кетсе, жоспардың бәрі құрығаны», – деді Куадрас. «Golden Boy Мексикада «Канело» есімін қолдарынан келгенше жарнамалап жатыр. Бірақ оның осы мақтауларға лайықты болуы үшін Геннадиймен жекпе-жекке шығуы керек. Дегенмен, абырой-беделіне нұқсан келмеуі үшін алдымен кіші Чавесті жеңіп алғаны жөн. Бұл сондай-ақ Чавеске де қатысты», – дейді Куадрас Villainfy Media баслымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Куадрас 18 наурызда Нью-Йоркте Головкин мен Джейкобстың андеркартында шаршы алаңға қайта шығады