• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Ресей мұнай өндіруден Саудияны басып озып, әлем бойынша алға шықты

379 рет
көрсетілді

2016 жылдың желтоқсанында Реседегі өндірілген мұнай көлемі Сауд Арабиясының өндірісінен асып түсіп, Ресей әлемде ең көп мұнай шығаратын елге айналды. Ең соңғы рет Ресей 2016 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясынан озып кеткен еді. Мұнай статистикасы бойынша бірлескен бастама мәліметтерінде осындай мәлімет келтірілген, деп жазады Bloomberg агенттігі. Ресей желтоқсанда 10,49 млн баррель мұнай өндірген. Бұл қарашамен салыстырғанда 29 мың баррельге аз. Өз кезегінде Сауд Арабиясы желтоқсанда 10,46 млн баррель өндірсе, қарашада 10,72 млн баррель өндірген еді. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Ресей 2016 жылдың наурыз айынан бері алғаш рет Сауд Арабиясынан көп мұнай өндірген. Ал үшінші орында АҚШ. Оның өндіріс көлемі желтоқсанда 8,8 млн баррель болған. Айта кетерлігі, Сауд Арабиясы да, Ресей де ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің кестесіне сай өндіріс көлемін азайтуда.