• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Дычко кәсіпқой бокста кіммен кездескісі келетінін айтты

205 рет
көрсетілді

Жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Иван Дычко өзінің кәсіпқой бокста кіммен бірінші болып кездескісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. «Кәсіпқой бокста Энтони Джошуамен бірінші кездесуімді өткізгім келеді. Бұл жерде басты мақсат кек алу емес. Дегенмен, оны Лондонда жеңдім деп ойлаған едім. Егер ол Владимир Кличконы жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалса, екеуіміз жекпе-жек ұйымдастыруымыз мүмкін», – дейді Дычко. Айта кетейік, Дычко мен Джошуа 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында кездескен болатын. Нәтижесінде, отандасымыз британиялық боксшыға есе жіберген. Осы жылдың 26 қаңтар күні Дычко Данияр Елеусінов жұмыс істейтін «MJA Entertainment» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған болатын.