Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.
Кездесу қатысушылары Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму келешегін, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ауыл шаруашылығы мен транзиттік тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.