• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Фили ашқарақ емес

316 рет
көрсетілді

Өскемендегі Сол жағалау музей-қорығының хайуанаттар бағына былтыр теңбіл бұғылардың төлдері әкелініп, елді ерекше қуантқан еді. Туғанына үш ай толған төлдер қазір күйлі, өздерін өте жақсы сезінеді. Дегенмен, теңбіл бұғылар хайуанаттар бағына келушілерден әлі де жасқанатындықтан, арадағы темір торға аса жақын келе бермейді. Ал құлан тұқымдас қара пони құлыны адамдардан қашқан емес. Аласа мәстектің томпиған төртбақ төлі қарашадағы қырық градустық аязға да шыдамды екенін аңғартты. Қызғылт қоқиқаз болса, бірнеше жыл бойы жалғызілікті ғұмыр кешкен еді. Таяуда бақта Филидің (қоқиқаздың аты) туысы пайда болды. Құстардың ұзақ көшінен қалып қалған әлсіз құстың жағдайына алаңдаған Сере­брянск қаласының тұрғын­дары оны хайуанаттар бағына тапсырыпты. – Екінші қоқиқаз өте жас болса-дағы тез бауыр басып алды. Алайда, жаңадан келген құс­тың тәбеті зор екен. Филиге арналған ыдыстан көзін алмайды. Қанша дегенмен, жасы үлкен емес пе, оның бұл қылығына біздің құс кешіріммен қарайды, – дейді музей-қорықтың табиғат бөлімінің меңгерушісі Зайнитдин Шамшиев. Думан НҰРЛАНҰЛЫ ӨСКЕМЕН