• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Жамбыл облысында болды

259 рет
көрсетілді

17-18 ақпанда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Сапар барысында Г.Әбді­қалықова Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын тал­қылауға арналған Жамбыл облы­сы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы Қоғамдық келісім кеңесінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы – өсімнің жаңа моделі» атты ке­ңей­тілген отырысына қатысты. Іс-шараға, сондай-ақ, Жам­был об­лы­сының әкімі, өңірлік Ас­сам­­б­лея­ның төрағасы К.Көкі­рек­­баев, Қа­зақ­стан халқы Ас­сам­­б­­­лея­с­ы Төр­аға­сының орын­ба­­са­ры – Қазақстан Республи­ка­сы Пре­зиден­ті Әкімшілігінің Хат­­шы­лық мең­геру­шісі Е.Тоғ­жанов, Жамбыл облы­сы­ның этномә­дени бірлестік жетек­шілері, Ал­маты қаласы, Алматы, Оңтүс­тік Қазақстан және Жам­был об­лыс­тарының қоғамдық келі­­сім кеңестерінің мүшелері, мем­ле­­кет­тік­ органдар мен БАҚ өкіл­дері қатысты. Мемлекеттік хатшы Г.Әбді­қалықова өз сөзінде Мемлекет бас­­шысы өзінің Жолдауында Қазақ­­станның Үшінші жаңғыруы бойынша бес басым бағытты ай­қын­дап бергенін атап өтті. Алға қойған міндеттерді іске асы­ру үшін барлық алғышарттар мен мүм­кіндіктер бар. Бұл – Тәуел­сіздіктің 25 жылында қоғам мен мемлекеттің жинақталған барша жасампаз әлеуеті, сондай-ақ күр­делі жаһандық өзгерістер ке­зеңінде жұмыстың негізгі бағдарлары мен алгоритмін айқындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Сапар шеңберінде, сондай-ақ Мемлекеттік хатшының төр­айым­ды­ғымен М.Х.Дулати атындағы Та­раз мемлекеттік университеті Бай­қау кеңесінің отырысы өтіп, он­да жо­ғары оқу орнын одан әрі да­мы­ту­дың өзекті мәселелері талқыланды. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы